Кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы әйелдің рөлін арттыру, гендерлік теңдік пен отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік және саяси белсенділігін дамыту болды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, белсенді әйелдер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар әйелдің заманауи қоғамдағы орны, кәсіпкерлік пен саясаттағы үлесі, отбасы институтының маңызы сияқты өзекті тақырыптарды талқылады. Шара соңында қатысушылар әйелдердің қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасау бағытында бірқатар ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салды.
