Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«САРҚЫЛМАС ПАРАСАТТЫҢ САРАЙЫ» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ

24 қазан — Кітапханашылар күніне орай кітапханада  «Сарқылмас парасаттың сарайы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өту мақсатында өткізілді.

Кеш барысында кітапхана ұжымын арнайы құттықтаған қонақтар қатарында:

 • «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы,

 • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Копдикбаев Болат Исаханұлы,

 • Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы болды.

Құрметті қонақтар кітапхана қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етіп, олардың жоғары кәсібилігін және кітапхана ісіндегі еңбекқорлығын атап өтті.

 

Яндекс.Метрика