Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай 25 қазан – Ұлттық мереке, Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай ардагерлер мен сала қызметкерлерін құттықтады.
Жиын соңында кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Жұманова Сәрсенкүл Асқарқызы Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
