«Цифрлы қоғам және кітапхана» республикалық кітапханашылар конференциясы Жамбыл ауданының орталық кітапханасында жалғасты.
Іс-шараның модераторы – Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы. Конференцияға Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Сағынова Нұрлыгүл Аяпқызы және еліміздің басқа да өңірлерінен кітапхана саласының өкілдері қатысуда.
Басқосу барысында кітапхана қызметкерлері өз жұмысын кітапханалардағы бай мұраны жергілікті тұрғындардың игілігіне жарату, сондай-ақ кітапханаларды заманауи, ыңғайлы форматта қолжетімді болатын ауқымды ағартушылық және ақпараттық орталықтарға айналдыру мәселелерін талқылады.
#ualihanov_kitaphana
#Республикалықкітапханашыларконференциясы
