Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«АРХИВ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫМЕН ҚҰНДЫ» АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА

Бүгін «Архив жариялылығымен құнды» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өтіп, онда архивтердің ашықтығын арттыру, құжаттық мұраны тиімді пайдалану және қоғаммен байланыс орнатудың заманауи тәсілдері талқыланды. Шара барысында сала мамандары архив құжаттарына қолжетімділікті кеңейту, цифрландыру жұмыстарының қарқыны, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара қорытындысында архив құжаттары негізінде жарық көрген 173 дана кітаптарды кітапхана қорына сыйға берді.

Іс-шара оқырмандарға архив қазынасының мазмұнымен танысуға, құжаттық мұралардың құндылығын ұғынуға және рухани байлығымызды дәріптеуге жол ашты.

 

 

Яндекс.Метрика