Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖАРҚЫРАҒАН ШОҚ ЖҰЛДЫЗ» ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Биыл қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, ағартушы, этнограф Шоқан (Шыңғыс) Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Жарқыраған шоқ жұлдыз» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Шоқан  Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты тарихи тұлғалардың еңбегін тереңірек тануға баулу.

Конференция барысында қатысушылар ғалымның ғылыми зерттеулеріне, Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихына байланысты еңбектеріне, сондай-ақ оның саяхаттық күнделіктеріне талдау жасалынып, Шоқан Уәлихановтың тұлғалық қасиеттерін, ағартушылық көзқарастарын және қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесімен жан жақты танысты.

Шараға келген қонақтар «Шығыс әлемінің шолпаны» кітап көрмесімен танысты.

Конференция соңында кітапхана ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.

 

   

Яндекс.Метрика