Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КІТАПХАНА» ФОРСАЙТ-СЕССИЯСЫ

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа қадам: жасанды интеллект және цифрлы экономика жағдайындағы кітапхана» тақырыбында облыстық форсайт-сессия өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітапханалардың цифрлы экономиканы дамыту жағдайындағы жаңа мүмкіндіктерін айқындау, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды кітапхана қызметіне тиімді енгізу жолдарын талқылау.

Сессия барысында «Кітапханалық сайттар мен әлеуметтік желілер», «Оқырмандармен өзара әрекеттесу үшін жаңа онлайн тәжірибелерді дамыту», «Оқуды ынталандыру үшін онлайн сервистерді пайдалану», «Балалар кітапханаларының интернет кеңістігіндегі жаңа форматы» сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды. Спикерлер кітапхана қызметінің цифрлы трансформациясы, жаңа коммуникациялық платформалар, инновациялық сервистер және цифрландыру жағдайында мамандарға қойылатын талаптар туралы мазмұнды баяндама жасады.

Форсайт-сессия қорытындысында қатысушылар кітапхананың болашақ моделін қалыптастыру, интеллектуалды ресурстарды дамыту және оқырманмен жаңа форматтағы байланыс орнату бағытында бірқатар ұсыныстар мен негізгі стратегиялық міндеттерді белгіледі.

Іс-шара кәсіби қауымдастыққа тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және өңірлік кітапханалардың цифрлы даму перспективаларын айқындауға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика