Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ТУҒАН ЖЕРІН ӘН ЕТКЕН ЕСКЕНДІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘН МАРАФОНЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына орай «Туған жерін ән еткен Ескендір» тақырыбында кең көлемді ән марафоны ұйымдастырылды.

Шараға  Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның өнерпаздары, мәдениет саласының қызметкерлері және Ескендір ағаның шығармашылығын құрмет тұтатын тыңдармандар қатысты.  Композитордың елге кеңінен таралған «Атамекен», «Ескірмеген махаббат», «Әдемі-ау» секілді жүрекке жылы, рухты оятатын әндері орындалды.

Кештің мақсаты – халықтың сүйікті әншісі мен композиторының бай музыкалық мұрасын насихаттау, жас буынға үлгі ету, ұлттық музыка құндылығын ұлықтау болды. Кеш  көрермендерге ерекше әсер сыйлап, Ескендір Хасанғалиев шығармашылығының мәңгілік өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

  

Яндекс.Метрика