Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«TEMIR SKILLS» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бүгін «Temir Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – студенттердің кәсіби дайындығын бағалау, олардың шеберлігін шыңдау, кәсіптік сала бойынша тәжірибе алмасу және үздік жас мамандарды анықтау.

 Іс-шараға өңір колледждерінің ең үздік студенттері қатысып, түрлі кәсіби бағыттар бойынша бақтарын сынады. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, мамандыққа деген қызығушылықтары мен кәсіби ынталарын дәлелдеді.

Шара кәсіби білікті, еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды дайындауға ықпал ететін маңызды алаң болды.

 

  

Яндекс.Метрика