Қазақ халқының ұлт азаттығы үшін күрескен қайраткер, ақын, жазушы, ағартушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш қозғалысының көсемі» тақырыбында әдеби монография өтті.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту, оқырмандардың елдік, отаншылдық сезімдерін ояту, ұлт зиялыларының мұрасын қастерлеуге баулу мақсатында өткен іс-шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы, №3 мектеп-лицейінің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тұрлыбек Қаламқас, Баккараева Нұршат және Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалының білімгерлері қатысып, автордың өмірі мен шығармашылығын кеңінен талқылады.
Сондай-ақ дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының оқушылары М.Дулатұлының «Оян, қазақ!», «Жастарға» және тағы да басқа өлеңдерін оқыды.
