Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ, ЖАНҒА ТЫНЫС» СЫЙЛАҒАН РУХАНИ КЕШ

 Кітапханада жүрекке жылу, жанға тыныс сыйлаған ерекше рухани басқосу өтті. Түрік ақыны әрі жазушысы Нурие Моллахасанның шығармашылығына арналған «Жаны жырлаған нәзік жан» атты әдеби кеш оқырман қауымға терең әсер қалдырды.

 Кештің мақсаты – ақын Нурие Моллахасанның нәзік лирикаға толы өлеңдері мен прозалық шығармаларын таныстыру, әдебиет сүйер жастардың рухани әлемін байыту.

 Іс-шара барысында ақынның таңдаулы жырлары оқылып, оның шығармашылық жолы, әдеби көзқарасы, әлемдік поэзиядағы орны туралы әсерлі деректер ұсынылды. Қатысушылар Нурие Моллахасанның адам жанын тербейтін, махаббат пен мейірімге толы туындылары арқылы ерекше шабыт алды.

 Кеш соңында автор кітапханаға жаңадан жарық көрген «Pes etme» атты кітабын  тарту етті. Жалпы, «Жаны жырлаған нәзік жан» атты әдеби кеш — рухани, әдебиетті дәріптеген мәнді де мазмұнды шара болды.

 

 

Яндекс.Метрика