16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша басқармасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері көрме материалдары бойынша библиографиялық шолу жасап, әр кітаптың мазмұндық ерекшелігі мен тарихи маңызын түсіндірді. Шолу барысында қатысушылар Қазақстанның егемендік жолындағы маңызды оқиғалар, ұлттық қауіпсіздік пен шекара күзетінің ел тәуелсіздігін сақтаудағы рөлі туралы мол ақпарат алды.