Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ТАУ ТҰЛҒА, ДАРА ТҰЛҒА – БАУЫРЖАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 Кітапхана мен 85395 әскери бөлімнің ұйымдастыруымен  Даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» тақырыбында конференция өтті.

 Конференцияның мақсаты –  Даңқты қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, әскери шеберлігін, елдік пен отаншылдық жөніндегі өсиеттерін кеңінен насихаттау,  өмірі мен шығармашылығының тарихи маңызын ашу, Отан қорғаудағы ерлік үлгісін жас ұрпаққа жеткізу.

 Кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігін баяндайтын, әскери тактика мен тәртіп жөніндегі еңбектері, батырдың көркем шығармалары, естеліктері, сондай-ақ ол туралы жазылған зерттеулер мен әдеби кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Көрме экспозициясына қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген сирек басылымдар, заманауи зерттеулер, фотоматериалдар мен деректі құжаттар ұсынылды.

 Конференция барысында сарбаздар мен әскери бөлім қызметкерлері батырдың өмір жолына қатысты тың мәліметтермен танысып, оның соғыс жылдарындағы командирлік шеберлігі, ұлт рухына қуат берген өткір ойлары мен патриоттық көзқарасы туралы толық мағлұмат  алды.

 

 

Яндекс.Метрика