Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты жыр шеру кеші ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық поэзия арқылы елдік құндылықтарды дәріптеу.
Жыр шеруде желтоқсан оқиғасының тікелей куәгерлері – желтоқсаншылар арнайы шақырылып, өз естеліктерімен, сол кезеңнің ауыр да азапты шындығымен бөлісті.
Іс-шара қатысушылары Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, мұндай рухани кештердің қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.
