Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ӘУЛИЕАТА – КІТАП ОҚИТЫН ӨҢІР» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.

Жобаның басты мақсаты – өңір тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты дәстүрлі кітап оқуға баулу.

Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларының қызметкерлері, үздік оқырмандар мен кітап жанашырлары қатысты.

Салтанатты жиында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы  Жүнісбай құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір тұрғындарының рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында:  «Үздік автор»,  «Ең үздік ауылдық кітапхана», «Ел үшін туған ерлер», «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан», «Үздік оқырман»  облыстық байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

 

 

Яндекс.Метрика