Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жанындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыр жауһары – Жамбылым» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері шара аясында «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, жыр алыбының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстырып, елдік пен ерлікке үндейтін өлеңдерін оқыды. Көрмеге ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын қамтитын кітаптар, зерттеу еңбектері мен танымдық басылымдар қойылды.
Мүшәйраға еліміздің әр өңірінен жас ақындар қатысып, өнерлерін ортаға салды.
