Кітапханада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», белгілі қаламгер, сатирик, балалар ақыны Бақытжан Советұлы шығармашылығына арналған мазмұнды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында қаламгердің сатира жанрындағы шоқтығы биік туындылары мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Кеш қонақтары естеліктерімен бөлісіп, ақынның қоғамдағы өзекті мәселелерді сөзбен түйреп, оймен түзеудегі шеберлігіне ерекше тоқталды.
Тағылымы мол кездесуде жастарға өнеге болар ойлар айтылып, рухани құндылықтар дәріптелді. Кеш әсерлі әңгімелер мен жылы лебіздерге толы болды.
