Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Парасат жолы» жобасының таныстырылымы

   Бүгін, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасының салтанатты түрде таныстырылымы өтті.

   Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және қоғам қайраткерлері, дін өкілдері қатысты.

   «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылуына  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Дулатитану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы,  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев онлайн форматта қосылып отырды.

   «Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Яндекс.Метрика