22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы орталық алаңда жасақталған киіз үйде «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты жасанды интеллект көмегімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында туған жер тақырыбындағы шығармалар кеңінен насихатталып, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы кітап мазмұны заманауи форматта ұсынылды.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталып, келушілерге ерекше рухани әсер сыйлады.
