Кітапханада ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, қазақ эстрадасында халық жүрегінен ерекше орын алған сырлы әндердің авторы Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған «Ақын әлемі» атты шығармашылық кездесу өтті.
Кеш барысында өнерсүйер қауым мен оқырмандар ақынға өздерінің жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнап, шығармашылығына деген құрметтерін білдірді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ақынның сыршыл өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Тағылымы мол кездесу поэзия мен өнерді қадірлейтін оқырмандар үшін әсерлі де мазмұнды кешке айналды.
