Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жылдың үздік кітапханашысы» тақырыбында «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін үш кезең бойынша көрсетті. Қатысушылар «Заманауи кітапханашы» үздік кәсіби таныстырылым, «Цифрлы кітапхана» виртуалды кітап көрмесі және «Шығармашылық шабыт» үздік мәдени-ағартушылық жоба номинациясы бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Гүлдана Шапенова иеленді.
Ал, жүлделі І орын – Мойынқұм ауданынан келген Жаманқұлова Арайлымға, ІІ орын - Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Мамашариева Ақеркеге, ІІІ орын - Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылдық кітапханасының меңгерушісі Жамалбаева Жарқынайға бұйырды.
Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан Байзақ, Қордай, Сарысу және Шу аудандық кітапхана жүйелерінің мамандары естелік сыйлықтармен марапатталды.
