Кітапхана қызметкерлері Қ. Рысқұлбеков атындағы саябағында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс шараның мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын жас буынға кеңінен таныстыру, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықтарын ояту.
Көрмеде ақынның өмір жолын және әдеби мұрасын көрсететін кітаптар, ғылыми зерттеулермен танымдық басылымдар қойылды.
