Кітапхана қызметкерлері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қ. Рысқұлбеков саябағында «Жамбылдың өмірі өрнекті, өнері өрісті» атты жамбылтану сағатын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын кеңінен таныту және оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында ақынның шығармаларынан үзінділер оқылып, оның өмір жолы мен әдеби мұрасына қатысты танымдық мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар Жамбыл Жабаевтың халық руханиятындағы орны мен қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.