Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман қауымын қалыптастыру мақсатында «Кітап сыйла – ой сыйла» атты кітап алмасу акциясы өткізілді.

 Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбылдың жыр керуені» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты жинақтар, зерттеу еңбектері, естеліктер және әртүрлі жанрдағы әдебиеттер қойылды.

 Қатысушыларға Ж. Жабаев мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызы туралы кеңінен ақпарат беріліп, ақын шығармашылығының рухани құндылығы түсіндірілді.

 

   

Яндекс.Метрика