Маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Әкелер күніне орай кітапханамызда «Әке – шаңырақтың тірегі» атты әкелермен кездесу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау, әкенің бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлерін нығайту.
Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, отбасы мәселелері бойынша мамандар, психологтар және ардақты әкелер қатысты.
Кеш барысында әкенің отбасы тірегі, балаға бағыт-бағдар беруші, өмірлік өнеге көрсетуші тұлға ретіндегі маңызы туралы тағылымды ойлар айтылды. Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, әкелік жауапкершілік туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар әкелер мен балалар арасында жылы сұхбат, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар «Әке» ұғымының мәні мен маңызын тереңірек түсінді.
Іс-шара барысында мамандар тарапынан отбасы құндылықтарын сақтау, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға бағытталған тренинг өткізілді.
