Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ «АСҚАҚТАЙ БЕР, АРУ ШАҺАР – АСТАНА!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

6 шілде – Астана күніне орай  кітапхана  қызметкерлері Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында «Асқақтай бер, ару шаһар – Астана!» атты ән кеші ұйымдастырылды.

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның айбынын асқақтатып, елдің өркендеуі мен бірлігінің символына айналған заманауи шаһар. Бүгінде елорда ұлттық рух пен жаңашылдықтың, мәдениет пен өнердің, бейбітшілік пен келісімнің ордасы болып келеді.

Ән кешінде Астанаға арналған патриоттық әндер орындалып, елорданың тарихы мен жетістіктері жайлы әсерлі мәліметтер ұсынылады. Сонымен қатар көрермендер туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыратын рухани кештің куәсі болады.

 

     

Яндекс.Метрика