Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» – КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

Ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай кітапхана қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінде «Жамбылдың жыр керуені» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, ақынның мол әдеби мұрасын оқырман қауымға таныстыру.

Көрме төрінен ақынның 1946 жылы жарық көрген құнды еңбектері, өмір жолы мен шығармашылық мұрасын қамтитын кітаптар, ғылыми зерттеулер және танымдық басылымдар орын алды.

Көшпелі көрме арқылы полиция қызметкерлері Жамбылдың қайталанбас жыр әлемімен жақынырақ танысып, ақын мұрасының құндылығына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Жамбыл жырлары – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл мұра!

   

Яндекс.Метрика