Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Халық денсаулығы – жарқын болашағымыздың кепілі

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желі парақшаларында «Садыхан» облыстық консультациялық және диагностикалық медициналық орталығының салауатты өмір салтын қалыптастыру нұсқаушысы Бақыт Серікқызы мен орталықтың психологы Перизат Мәденқызының қатысуымен «Халық денсаулығы – жарқын болашағымыздың кепілі» онлайн маман кеңесі ұйымдастырылды.

   Онлайн маман кеңесінде орталық қызметкерлері «COVID-19» індетінің екінші толқыны, алдын-алу шаралары, қорғану жолдары, күйзелістің адам психологиясына әсері, иммунитетті күшейтетін дәрумендер, симптомды және симптомсыз тасымалдаушылардың сипаты, салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарттарына тоқталып, күнделікті қолданысқа керек кеңестерімен бөлісті.

   Психологтың көмегіне жүгінетіндердің дені – жастар. Бұл тұрғыда көмек көрсетіліп, түрлі кеңестер беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың балалар психологиясына әсері, интернет дамыған дәуірдегі ғаламтордың торына түскен жастардың күйзеліске тым бейім келетіндігі айтылды.

   Онлайн оқырмандар денсаулық саласына қатысты өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауап алып, ақ халатты абзал жандарға алғыстарын  жеткізді.

 

Яндекс.Метрика