Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ашық аспан астында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Көрме аясында «Жаңа форматтағы кітап – ЖИ мүмкіндіктері» және «24 қаламгер – 24 әдеби әлем» атты кітап экспозициялары ұсынылды. Келушілер кітапхана қызметтерімен танысып, оқырман қатарына тіркелді және өздеріне ұнаған кітаптарды үйге жаздырып алу мүмкіндігіне ие болды. Кітап пен заманауи технология тоғысқан танымдық шара саябақ демалушыларына ерекше әдеби орта сыйлады.
