Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 Қазақтың халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ұлы жырау, жыршы, суырыпсалма ақын, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» облыстық шығармашылық байқауының қорытынды марапаттау кеші өтті.

 Байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын саралап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтаған әділқазылар алқасының құрамында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұржан Әліш және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұржан Қадырәлі болды.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Тұрсынбай Ризабек Ғазизұлы, Жамбыл ауданы, М. Дулати атындағы университет студенті;

ІІ орын – Ергенбай Ерасыл Асылжанұлы, Жуалы ауданы, Теріс ауылы, С. Сейфуллин атындағы мектептің 8-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Нұрмахан Асқар Талғатұлы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

 Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге арнайы Алғыс хаттар табысталып, сыйлықтармен марапатталды.

 Барша жеңімпаздар мен байқауға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

    

Яндекс.Метрика