Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АБАЙ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ӘДЕБИ ШАРА ӨТТІ

 85395 әскери бөлімінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» әдеби шара өтті.

 Шара барысында кітапхана қызметкерлері Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби көрме ұйымдастырып, ақынның мол мұрасын көпшілік назарына ұсынды. Әдеби кеште кітапханашылар Абайдың таңдаулы өлеңдерін, ақынның терең ойлы шығармаларын ұсынды. Сонымен қатар Абайдың «Бойы бұлғаң» әні орындалып, шараның мазмұнын аша түсіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

 Әдеби шараға әскери бөлім сарбаздары да белсене қатысып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Сарбаздардың ақын мұрасына деген қызығушылығы мен белсенділігі кештің мазмұнын байыта түсті.

 

     

Яндекс.Метрика