Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» ОЙ ТАЛҚЫ

 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 5513 әскери бөлімінде «Тіл – татулық тірегі» атты ойталқы өтті.

 Іс-шара барысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, ана тілін құрметтеу, тіл мәдениеті және ел бірлігіндегі тілдің маңызы сөз болды.

 Қатысушылар «Тіл қазынасы» викторинасына қатысып, тілге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өз білімдерін ортаға салды.

 

      

Яндекс.Метрика