Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

ӘНШІ БАҚЫТ ШАҒЫРБАЕВТЫҢ 60 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӨНЕРДЕН ӨМІР СЕРІГІН ТАПҚАН» АТТЫ СЫРЛАСУ КЕШІ ӨТТІ

 «ӨНЕРДЕН ӨМІР СЕРІГІН ТАПҚАН» СЫРЛАСУ КЕШІ

 Кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Бақыт Қысатайұлы Шағырбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Өнерден өмір серігін тапқан» атты сырласу кеші өтті.

 Кеш барысында мерейтой иесінің шығармашылық жолы, дәстүрлі ән өнеріне қосқан үлесі, азаматтық болмысы мен өмірлік ұстанымдары сөз болып, әріптестері, достары және туған-туыстары жүрекжарды тілектерін білдірді.

 Бақыт Шағырбаев – 2026 жылғы 22 шілдеде Тараз қаласында 6 сағат 40 минут бойы 114 ән орындап, «Ең ұзақ этномузыкалық марафон» номинациясы бойынша әлемдік рекорд орнатқан өнерпаз.

 Сырласу кеші ән мен термеге, естелік пен жылы лебізге ұласып, ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды кешке айналды.

 

       

Яндекс.Метрика