Кітапханада Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі ретінде дәріптеуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама – «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының ашылу салтанаты өтті.
Шараға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы Сейдуалиева Зульфира Советбекқызы, Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы мен дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің ұстаздары мен білім алушылары қатысты.
Ашылу барысында кітап оқу марафонының маңызы мен мақсаты түсіндіріліп, оқырмандарды кітап оқуға ынталандырудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар қатысушылар марафонның 7 бағыты бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, кітап мазмұнына негізделген түрлі зияткерлік ойындарға белсене қатысты.
Кітап оқу – білімге бастар жол, ойды дамытар күш, рухани кемелденудің негізі!