Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Тәуелсіздіктің ақ таңы

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» оқырмандар конференциясы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Темірбай Мұқашев, облыстық мәслихаттың депутаты, «Jas Оtan» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Таутен, сондай-ақ, тәуелсіздік құрдастары, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, «Халық аспаптар пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы Балжан Есенбекова, А.Гайдар атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлмира Нұрахметова, онлайн байланыс арқылы әр аудандағы сан салада еңбек етіп жүрген тәуелсіздік құрдастары қатысып, ізгі лебіздері мен пайымды пікірлерін ортаға салды.

   Оқырмандар конференциясында Сәмен Оразғалиұлы мен Темірбай Әлімұлы қазіргі уақытты тәуелсіздікке дейінгі кезеңмен салыстырмалы түрде суреттей отырып, өткенімізге шолу жасады. Жиынға қатысқан жастар бүгінгі жетістіктеріне егемендігіміздің арқасында қол жеткізгендеріне тоқтала отырып, жыр шумақтарымен тебірене жырлады.

   «Тәуелсіздікті сақтау – жастардың жауапкершілігінде» деген пікірдегі тәуелсіздік құрдастары егемендігімізді сақтап қалудың жолдары, патриотизм арқылы мемлекеттің потенциалын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды сақтау сынды сан түрлі пікірлер айтып, мағыналы мысалдар келтірді.

 

 

Яндекс.Метрика