Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«МҰХАММЕД ХАЙДАР» ТАРИХИ РОМАНЫ КІТАПХАНА ҚОРЫНА СЫЙҒА ТАРТЫЛЫП, ОҚЫРМАН ИГІЛІГІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

 Кітапхана қоры филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақтың «Мұхаммед Хайдар» атты тарихи романымен толықты.

 

  Кітапта XVI ғасырда өмір сүрген көрнекті тарихи тұлға, тарихшы, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, қолбасшы Мұхаммед Хайдардың өмір жолы мен қилы тағдыры көркем баяндалады.

 

  Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ кітапханаға арнайы келіп, өзінің жаңа туындысын кітапхана қорына сыйға тартты.

 

  Қаламгердің бұл игі бастамасы – кітапхана қорын құнды әдебиеттермен толықтырып, оқырман қауымның рухани білімін арттыруға қосылған үлкен үлес.

 

  Сыйға тартылған кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

   

Яндекс.Метрика