Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жамбыл облысы полиция департаментінде қызметкерлерге арналған кітапхана бұрышы ашылды

Шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы ашып, қатысушыларды айтулы бастамамен құттықтап, кітап оқудың адам өміріндегі, оның ішінде қызметкерлердің кәсіби және рухани дамуындағы маңызына тоқталды.

 

 

Кітапхана бұрышының ашылу салтанатына Қазақстандық полиция және Ұлттық гвардия кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Болсанбеков Өмірзақ Қоспанұлы мен Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы қатысып, салтанатты түрде лента қиды.

 

Кітапхана бұрышында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорынан қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары мен танымдық басылымдар ұсынылды. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Бауыржан Момышұлы, Кемел Тоқаев, Шерхан Мұртаза және басқа да қаламгерлердің таңдаулы шығармалары, тарихи-танымдық, рухани-адамгершілік бағыттағы кітаптар орналастырылды.

 

Кітапхана бұрышы – қызметкерлердің қызметтен тыс уақытта кітап оқып, білімін толықтырып, рухани тынығуына мүмкіндік беретін мәдени ортаға айналмақ.

 

Кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, бірлескен әдеби-мәдени жобалар мен кітап оқу іс-шараларын ұйымдастыруға жол ашады.

 

#ualikhanov_kitaphana 

 

     

Яндекс.Метрика