Кітапхананың ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық өлкетану музейінің ашылғанына 95 жыл толуына орай «Мұражай – тарихты танытатын құндылық» медиа саяхат өтті.
Шара Жамбыл облыстық өлкетану музейінде өтіп, білімгерлерге халқымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасы кеңінен таныстырылды. Саяхат барысында ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық өнері, салт-дәстүрі және маңызды тарихи оқиғалары туралы құнды мәліметтер берілді.
Музей қорындағы көне бұйымдар, ұлттық киімдер, қару-жарақтар, қолжазбалар мен тарихи фотосуреттер – халқымыздың өткен өмірінен сыр шертетін баға жетпес жәдігерлер. Әрбір экспонаттың өзіндік тарихы бар және ол жас ұрпаққа өткенді танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге мүмкіндік береді.
Медиа саяхаттың негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, оқырмандардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
