Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Білім мен жаңашылдық тоғысқан орта: ұстаздық кәсіптің жаңа бейнесі»

Кітапханада «Білім мен жаңашылдық тоғысқан орта: ұстаздық кәсіптің жаңа бейнесі» тақырыбында ұстаз сағаты өтті.

 

Іс-шараға «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жанғазы Аманкүл Бәкенқызы қатысып, оқырмандармен ұстаздық жолы, кәсіби тәжірибесі мен еңбек жолындағы жетістіктері туралы ой бөлісті. Ол ұстаздық мамандықтың маңыздылығы мен жауапкершілігі, білім беру саласындағы жаңашылдықтар жөнінде әңгімелеп, оқырмандарға тағылымды ойларымен бөлісті. Кездесу мазмұнды әңгіме мен жылы лебіздерге ұласып, іс-шара әсем әнмен жалғасын тапты.

 

Тағылымы мол басқосу қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұстаз еңбегіне деген құрметті арттыра түсті.

 

         

Яндекс.Метрика