Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ӨМІР ЖЫРЫН ШЕРТЕ БІЛГЕН» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ

Кітапхана қызметкерлері Тараз қаласы білім бөлімінің №25 орта мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркем сөз шебері Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Өмір жырын шерте білген» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

 

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты жазушы. Оның шығармаларында ауыл өмірі, қарапайым адамдардың тағдыры, адам жанының нәзік сезімдері мен балалық шақтың мөлдір әлемі шынайы бейнеленген. Қаламгердің туындылары оқырманды мейірімділікке, адалдыққа, адамгершілікке және туған жерді сүюге үндейді.

 

Кештің негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

 

Кеш барысында мектеп директоры Айсара Сейдалиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жанар Төленбекова мен Райхан Сатыбалдиева жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, туындыларының тәрбиелік мәніне тоқталды. 9-сынып оқушылары қаламгер мұрасы туралы ой бөлісіп, кітапхана қызметкері библиографиялық шолу жасады.

 

      

Яндекс.Метрика