Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Көрменің мақсаты – қазақ әдебиетінің асыл мұраларын насихаттау, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру және оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

 

Көрмеге Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ақынның өлеңдері мен жыр-толғаулары, сондай-ақ жыршылық дәстүр мен қазақ әдебиетінің дамуына қатысты еңбектер қойылды. Кітаптар арқылы оқырмандар ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған жалынды жырларының мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

 

«Жамбылдың жыр керуені» көшпелі кітап көрмесі оқырмандарды қазақ поэзиясының жауһарларымен таныстырып, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге және рухани құндылықтарды қадірлеуге үндеді.

 

    

Яндекс.Метрика