Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«РЕСПУБЛИКА! ЕРІКТІ ЕЛ – ҚАЗАҚСТАН» ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Республика! Ерікті ел – Қазақстан» атты патриоттық форум өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын дәріптеу, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрмет пен елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

 

Форум барысында Қазақстанның егемендік жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, әскери оркестрдің орындауында патриоттық әндер шырқалды. Сарбаздар Отан мен туған жерге арналған өлеңдерін оқып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

    

Яндекс.Метрика