Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын өңір тұрғындарына насихаттау мақсатында кітапханада іс-шаралар өтуде.
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы талдау мақсатында жиын өтті. Алғашқы сөзді кітапхана директоры Э.Абдинова алып, концептуалды мақаладағы көрсетілген тапсырмаларға тоқталды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б.Тоқсанбаева мақаладағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана», «Бәсекелік қабілет» бөлімдерінің өзектілігін айтса, кітапханашылар «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Прагматизм», «Білімнің салтанат құруы» бөлімдерін ашып түсіндірді. Іс-шара барысында Елбасының ойлары мен ұсыныстары кітапхана ұжымы тарапынан толық қолдау тапты.