Отбасы күні отбасы құндылықтарын нығайтады.
Осы күнге орай Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Мерейлі отбасы – татулық тірегі» атты психолог кеңесі өтті. Тренинг барысында «Мерейлі отбасы – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ» тақырыбында отбасы туралы дәріс оқылды. Дәріс тренингпен жалғасты.
Тренингтің басы оқырмандардың бір- бірімен танысуы үшін шеңбер құру арқылы танысу тренингі жүргізілді. Оқырмандардың танысуынан кейін отбасы туралы пікірлер тыңдалды. Әрі қарай «Отбасы мүсіні», «Отбасы оқиғалары», «Менің бақытты балалық шағым» тренингімен жалғасып, оқырмандардың көңіл- күйлерінің көтеріліп, балалық шаққа саяхат жасауына мүмкіндік берілді. Оқырмандар тренингтен алған әсерлерінің көмегімен отбасындағы тәрбие заңдылықтары формула- сын құрып, әр отбасындағы заңдылықтармен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
С о ң ы н д а « Ж ы л у л ы қ ш е ң б е р і » рефлексиялық сәт жүргізіліп, оқырмандардан тренинг барысында алған әсерлері мен ұнаған сәттері туралы сұралды. Тренингке қатысушылар өз пікірлерін айтып, жақсы ойларымен бөлісе отырды.
Балжан Мырзатаева,
оқу залы секторының меңгерушісі
Жамбыл Тараз. - 2017. - 13 қыркүйек (№37). - 9 б.