Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Әулиеата жерінде Абай күні аталып өтті

    Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында да Абай күні лайықты денгейде аталып өтті. Тараз қаласының әкімдігі тарапынан облыс орталығыидағы Абай ескер ткішіне гүл шоктары қойылып, келушілер ұлы акын рухына тағзым етті.

    Сондай-ақ Жамбыл  облыстық  мәдениет,  архивтер  және  құжаттама  бас- қармасының  ұйымдастыруымен  Абай  ескерткішінің  маңында  ақын  шығармаларынан  радиоконцерт  қойылды.  Мұнда ақынның өлеңдері оқылып, әндері  шырқалды.  Ал  об- лыстық  Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы  Абай  әлеміне қатысты  кітаптардан  көрме ұйымдастырды.Көрмеде бірқатар тілдерге аударылған Абайдың  өлеңдері мен қарасөздері және Абай туралы  жазылған  кітаптар бар.  Ағымдағы  жылы  бұл бағытта  аталған  кітапхана қорына 67 атаудан тұратын 200-ден  астам  кітап  сатып алынған. Абай күніне орай, республикалық  «Ежелгі Тараз  ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы көпшілікке ұлы  ақынның бейнесі салынған түрлі картиналарды таныстырды.Сонымен қатар  «Жастар»  қабілет  орталығында «Ғылым  таппай  мақтанба» атты  Абай  шығармашылығына  арналған  конкурстың  жеңімпаздарын  марапаттау рәсімі өтті. Жиында  облыстық  ішкі  саясат басқармасының  басшысы Дауыл  Бейсенқұлов  көп- шілікті  еліміз  үшін  маңызы  зор  рухани  мереке - Абай  күнімен  құттықтаса,  «Адырна»  ұлттық-этнографиялық  бірлестігінің  төрағасы Арман Әубәкірұлы  Абай шы- ғармашылығына  тоқталды.  Сондай-ақ  бұл  күні  облыстық  ішкі  саясат басқармасы  жариялаған «Мәңгілік ел  алыптары» атты  эссе  байқауының  да жүлдегерлері анықгалды.

 

Хамит Есаман,

Егемен Қазақстан. – 2020. – 11 тамыз (№151). – 16 б.

Яндекс.Метрика