Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Патриотизмді нығайту - басты мақсат

  

   Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Тәуелсіздік құрдастары мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылардың қатысуымен  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбында конференция өтті.

    Жиында алғаш сөз алған филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығынын директоры Сәмен Оразғалиұлы найзаның ұшымен, білектің күшімен келген азаттық таңына дейінгі еліміздің тарихына, тәуелсіздікке бастаған елеулі оқиғаларға тоқталып өтті. Қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету мәселесіне айрықша назар аударып, ел егемендігі жайында жазылған кітаптардың маңыздылығын әңгімелеген филология ғылымдарының кандидаты Т.Мұқашевтің ойлары көкейге қонды.

   Кейіннен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық мәслихаттың депутаты, «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Уәлихан Болатбек, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы Балжан Есенбекова, А.Гайдар атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлмира Нұрахметова өз ойларын ортаға салып, тәуелсіздік баға жетпес байлығымыз екенін айтты.

   Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді кеңінен насихаттау, мемлекеттілік пен патриотизмді нығайту мақсатында ұйымдастырылған жиын онлайн байланыста болған аудандардағы тәуелсіздік құрдастарының жылы лебіздерімен қорытындыланды.

Ару Датаева,

М.ХДулати атындағы Тараз

өңірлік университетінің студенті.

                                                                      «Aq jol».-2021 жыл.-23 ақпан (№22).-3б

 

                                                                                                              

                                                                                                          

                                                           

 

 

.

 

 

Яндекс.Метрика