Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Сыбайлас жемқорлық - індет, оны жою – міндет

   Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресуде қарқынды жұмыстар атқарудамыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі - халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу, қылмысқа итермелейтін қауіпті әрекеттерді болдырмау, азаматтардың сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеті - парасаттылық идеологиясын ілгерілете отырып, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасының салтанатты түрде таныстырылымы өтіп, бұл жоба жұмадағы жүздесу бағыты бойынша облыстарда өз жалғасын табуда.

   «Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба. Яғни «Парасат жолы»- өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба. Сондықтан жас ұрпақ бойында парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздерін сіңіру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары адамгершілік, жауапты, адал, парасатты бастамашы азамат және елдің патриотын қалыптастыру және дамыту процесіне аталмыш жобаның орны ерекше екеніне күмәніміз жоқ.

   Анығында, бұл жоба Ұлы даланың іргелі құндылықтарымен біте қайнасу керек. Соның ішінде қазақ даласының ұлы перзенті хакім Абай XIX ғасырда «Толық адамға» тән негізгі қасиеттерді тізбектей келе, пайым-парасатқа тұнық тұлға үшін бастысы адалдық пен білімге деген ұмтылыс екендігін елеп-екшеп көрсеткен. «Парасат жолы» жобасы парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың берік іргетасын қалап, болашақта тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірегей жобасына айналуы тиіс деп есептеймін.

 

 

Эльмира ӘБДІНОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

директоры, «Nur Otan» партиясыТараз қалалық филиалы жанынан құрылған

Сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кенестің мүшесі

 «JAMBYL-TARAZ».-2021 жыл.-10 наурыз (№10).-8б.

Яндекс.Метрика