Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Бірлікті дәріптеген кеш

    Қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Отбасының бақыты – жарасымдылық» атты тәлім trend кешін ұйымдастырды.

    Оған «Отбасылық династия», «Өнерлі  отбасы», «Мейірімді отбасы», «Жас отбасы» номинациялары бойынша қатысқандар өз шанырақтарындағы ұстанымдары туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.

    Атап айтқанда, «Отбасылық династия» номинациясы бойынша көп жыл мәдениет саласында жұбайымен бipre еңбек еткен, Мәдениет саласының үздігі, еңбек ардагері Есен Рымқұлов, жұбайы кітапхана саласында еңбек еткен, жас кітапханашыларға үлгі бола білген Күлән Қалдыбекова және бүгінде кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқан ізбасарлары, үлкен келіні Зәуре Байжігіт; «Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша Жамбыл облысына танымал, Талас ауданынын тумалары, өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан Ербол Қамбатыров пен ақын-сазгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Қазақстан Республикасының  Мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова; «Мейірімді отбасы» номинациясы бойынша 6ip үйдің 4 баласын қамқорлығына алып, бауырына басқан көпбалалы ана, «Құрмет» opденінің иегеpi, облыстық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова; «Жас отбасы» номинациясы бойынша бүгінгі күні облыстық Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қызмет атқарып келе жатқан жас отбасы Өркенжан Лукман мен Мөлдір Оразәлиева келелі әңгіме өрбітті. Отбасы тәрбиесіндегі өрбітті. Отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән  жарасымдылық, ерлі зайыптылар арасындағы берік байланыс, отбасын бақытқа жетелейтін құндылықтар, саналы ұрпақ тәрбиелеу сынды өзекті тақырыптарға тоқталды. Іc-шараға арнайы қатысқан белгілі актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрсифат Салықова жастарға бата бepiп, №12 Керімбай атындағы мектеп - гимназияның педагог-психологы Мөлдір Болатбайқызы қатысушылардың сұхбаттарын саралай отырып, отбасының қоғамдағы рөлі, жас отбасының ipгeciн берік етуге негізделген пайымды сараптамасын ортаға салды. Одан әpi қонақтар әсем ән әуелетіп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

 

К. РАХМЕТУЛЛИНА

ARAI. -2021. – 10 қыркүйек (№73). – 6 б.

 

Яндекс.Метрика