Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Қартың болса - қазына!»

    Халықаралық Қарттар күніне орай облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қартың болса - қазына!» атты мерекелік іс-шара өтті.

    Орталық директоры Гүлжауһар Құшанова осында қызмет алушыларды төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ облыстық «Саясаткер әйелдер» клубының төрайымы Гүлсін Орынбаева, облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығының атқарушы директоры Елена Балло жылы лебіздерін білдірсе, Тараз сервис және технологиялар колледжі директорының орынбасары Сара Зәуірбекова, Абай атындағы мамандандырылған мектептің директоры Гүлзат Данаева, облыстық көзі -нашар көретін және зағип оқырмандарға арналған кітапхана өкілі Әлия Сағымбаева қарттарға өздері еңбек ететін мекемелердің атынан сыйлық ұсынып, қарияларды қуанышқа бөледі.

   Тараз қалалық Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Бұл күні қарттардың көңілі көтеріңкі, жүздері жайдарлы болды.

   Осындай іс-шара №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да өтті. Орталық директоры Балабек Нарбаев қазыналы қарттарды құттықтап, әрбіріне амандық, денсаулық, жақсылық тіледі. Жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев сөз сөйлеп, елімізде қарттарға жасалып жатқан қолдаулар мен әлеуметтік көмектер жайлы айтты. Мұнан соң орталықтың қызмет алушылары және өңіріміздің әншілері мереке иелеріне арнап, концерттік бағдарлама ұсынды. Қамкөңіл жандарға Тараз сервис жэәне технологиялар колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, «Тараз-Парасат» колледжінен келген өкілдер түрлі сыйлықтар ұсынды.

 

Есет ДОСАЛЫ

«Aq jol». - 2021 жылы. - 5 қазан (№119). - 3 б.

Яндекс.Метрика