Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапханашылар шекарашыларда қонақта

    Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Ділімұрат Абрахмановтың бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Шөлдала» және «Жасөркен» шекара бөлімшелерінде болды. Кітапханашылар шекара арқылы заңсыз әрекеттерге барынша тосқауыл қою жөнінде ауқымды іс атқарып жүрген әскери қызметшілердің кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Тәуелсіз ел - Мәңгілік ел» және «Тараз - Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны» тақырыбында әдеби кеш өткізді.

    Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан, Тараз қаласы жайында мол мағлұматтар берілді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Ж.Базарбаева «Қазақтай ел қайда?», С.Рахымжанова «Алға, қазақ жігіттер!», «Қазақстаным алға!» әндерін тамылжыта орындап берді. Әскери қызметкерлерге кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбие, идеология бөлімінің офицері, майор Ермұхан Нұрлыбаев және аталған шекара басқармасының кітапхана қызметкері, осы жолдардың авторы кітапханашыларға шекарашылар атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

 

К.АБСЕМЕТОВА,

Жамбыл ауданы бойынша шекара

басқармасының кітапхана меңгерушісі

«Ar-Ai». - 2021. - 22 қазан (№85). – 3 б.

Яндекс.Метрика